Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Сарыағашта такси жүргізушісін азаптап өлтіргендер ұсталды

2019 жылдың 21 мамыр 2019 15:31

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сарыағаш ауданында таксисті азаптап өлтіргендер ұсталды. Қаскөйлер мәйітті жол жиегіне тастап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның мәйітін жергілікті тұрғындар тауып алған. Полицияға хабар бергендер белгісіз адамның денесі мен көлігі Сарыағаш ауданы аумағындағы жол жиегінде тұрғанын жеткізген. Тергеу барысында қайтыс болған адамның Түлкібас ауданының тұрғыны екені анықталды. Ол жеке көлігімен жолаушы тасымалдаумен айналысқан. Ал, қылмыс болған күні такси жүргізушісін Сайрам ауданының тұрғыны байқап қалыпты. Қансыраған халде көліктен шығып, жерге құлаған жігітті сол машинада отырған бейтаныс келіншек пен ер адам белгісіз жаққа алып кеткен. Бірақ алысқа ұзай қоймаған. Оларды тәртіп сақшылары Сарыағаш автобекетінен Алматыға жолға шығып бара жатқан сәтінде қолға түсірген.

«Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») және 192-бабы («Қарақшылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалған. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады» делінген хабарламада.

Жоғары қарай