Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Сарыағашта «Адал жолды таңдаймыз» атты жастар эстафетасы басталды

2019 жылдың 13 қазан 2019 07:43

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында «Адал жолды таңдаймыз» атты жастар марафон эстафетасы бастау алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марафон аясында Сарыағаш ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызмет және көрсетілетін қызметтер тақырыптарында түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда 14-25 қазан аралығында сурет пен бейнежазба, вайн конкурстары мен семинар, пікір-таластар мен брейнг-ринг турнирлері өткізілмек.

Сондай-ақ, КВН, флеш-моб, автокеруен, лекция, бірыңғай тәрбие сағаттары, кездесу, спорттық өтеді деп күтілуде. Марафонға қатысушылар «Жастар туы» мен фотоальбомды өткізілген іс-шараларын аяқтау барысында тілектер жазып және фотосуреттермен толықтырып, салтанатты түрде эстафета ұсынылатын келесі ауданға береді.

25 қазанда Сарыағаш ауданынан Қазығұрт ауданы эстафетаны қабылдап алады деп күтілуде.

Жоғары қарай