Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Сарыағаш курортында жергілікті тұрғын жасырын казино ашқан

2019 жылдың 16 қараша 2019 17:49

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жергілікті тұрғынның жасырын казино ашқаны анықталды. Көктерек ауылының тұрғыны ойынхана жұмысын заңсыз жүргізіп, табыс тауып отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз казино кезекті рейд кезінде табылған.

«Сарыағаш аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері заңсыздыққа рейд барысында кезіккен. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №219 «Ойын бизнесі туралы» заңын бұзған азамат А.Құлажановқа қатысты құжаттар Сарыағаш ауданының прокуратурасына жолданды» делінген хабарламада.




Айта кетейік, онлайн режимде KKM орнату бойынша рейдтер қазір Түркістан облысының барлық аудандарында жүргізілуде. Рейд кезінде мамандар базарларды, дүкендер мен дәріханаларды, тағы басқа объектілерді тексереді.

Осы ретте Сарыағаш өңіріне де ерекше көңіл бөлінбек. Өйткені мұнда көптеген курорттық орындар шоғырланған.







Жоғары қарай