Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Сарапшылар Қазақстанның ішкі істер саласын жаңғырту шараларын оң бағалады

2019 жылдың 6 сәуір 2019 14:04

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат- ҚР Ішкі істер министрлігінде құқық қорғау органдарын реформалау саласындағы шетелдік табысты тәжірибені талқылау бойынша халықаралық сарапшылармен кездесу өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі аталған ведомствоға сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 4-5 сәуірінде Ішкі істер министрлігінде 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын іске асыру аясында құқық қорғау органдарын реформалау саласындағы шетелдік табысты тәжірибені талқылау бойынша халықаралық сарапшылармен кездесу өтті. Шараға Грузиядағы полиция жүйесін реформалауға белсенді қатысқан сол елдің бұрынғы ішкіістер министрі қатысты. Интеравтивті форматта өткен кездесуді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди ашып, шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибені жан-жақты зерделеу жұмыстарының маңыздылығына тоқталды», - делінген таратылған ақпаратта.

Кездесуге ІІМ-ге қарасты қызметтердің басшылары мен өкілдері қатысты. Сонымен қатар, шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары мен отандық беделді сарапшылар арнайы шақырылған.

«Кездесу барысында шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ішкі істер органдарына жүргізіліп жатқан жаңғырту шараларына оң баға берді», - деп атап өтеді министрліктен.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай