Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 335.05
EUR 395.12
RUB 5.66
CNY 50.64

Сарапшы қазақстандық бидай сапасының төмендеу себебін түсіндірді

2017 жылдың 27 қазан 2017 21:27 617

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институты Молекулярлық генетика зертханасының меңгерушісі Ерлан Тұрыспеков соңғы жылдары қазақстандық бидай сапасының төмендеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздегі жетекші дақыл - бидайдың сапасы неге төмендеп кетті? Себебі, соңғы жылдары өсімдіктің тат аурулары көбейді.  Әсіресе, Солтүстік Қазақстандағы бидай сабақтарында таттар көбейді.  Демек, мұның барлығы өнімділікке, сапаға әсер етеді», - деді Ерлан Тұрыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, біздің сорттар түрлі ауруларға шыдай бермейтін болып шықты. «Мұндай мәселелер баяғыдан бар, эпифитотияның жаңа түрлері пайда болды. Сондықтан, селекциялық (сұрыптау) бағдарламаларға, әсіресе генетикалық зерттеулер қолданылатын бағдарламаларға аздап түзету енгізу керек. Бірақ, мұны бес-алты жыл бұрын жасау керек еді.

«Яғни, жеткілікті ұйымдастыру жұмыстарының болмауынан,  үнемі кешігеміз де жүреміз. Барлық ұйымды біріктіріп, мәселенің алдын алуға жеткілікті қаражат жоқ», - дейді Ерлан Тұрыспеков.

 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай