Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Сапархан Омаров алма импортын алмастырудың жолдарын айтты

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 18:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құс етінің импортын алмастыруға 200 мың тонналық құс фабрикаларын қосымша пайдалануға беру керек. Бұл туралы Сенатта депутаттармен кездесу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сүт бойынша жыл сайын кемінде 25 өнеркәсіптік тауарлық сүт фермасын пайдалануға енгізу жоспары бар. Құс етінің импортын алмастыру үшін қуаты 200 мың тонналық құс фабрикаларын қосымша пайдалануға енгізу қажет. Қазір бізде 155 мың тонна құс етіне арналған 12 жоба жобалау мен іске асыру сатысында тұр. Алма импортын алмастыру үшін бізге қосымша 12,5 мың гектар алаңда бақ өсіру керек, олар 105 мың тонна алма өндіруге мүмкіндік береді», - деп тоқталды министр.

Оның сөзіне қарағанда, ішкі нарықты қантпен молықтыру бойынша жаңа 2 зауыт салу және жұмыс істеп тұрған 3 қант зауытына жаңғырту жүргізу, сондай-ақ қант қызылшасы егістерін ұлғайту қажет.

«Импорт алмастыру жөніндегі бұл шаралардың іске асырылуы 2024 жылға қарай сектордың негізгі капиталына шамамен 770 млрд теңге инвестиция тарта отырып, ішкі нарықты 80 және 100 пайызға дейін отандық өнімдермен молықтыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, біз тиімсіз субсидиялардан бас тартып, нәтижеге бағдарланған субсидияларға көшу арқылы қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруді ұсынамыз», - деді Сапархан Омаров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер дайындалғанын айтты.

«Бүгінде біздегі әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне 19 тауар енген, олардың ішінде 505 млн АҚШ доллары сомасындағы тек 6 тауар бойынша ғана импортқа тәуелдіміз», - деді С. Омаров.
Жоғары қарай