Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Сапарбаев пен Көлгінов еліміздегі жалғыз Паралимпиадалық жаттығу орталығына барды

2019 жылдың 12 қараша 2019 17:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Паралимпиадалық жаттығу орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-премьер мен қала басшысы Ұлттық паралимпиада комитеті мен Паралимпиадалық жаттығу орталығының жұмысымен танысты. Олар орталықтың жаттығу залын, волейбол, үстел теннисі, жекпе-жек алаңдарын аралап, спортшыларды жаттықтыруға арналған жаңа құрал-жабдықтарды көріп шықты.




Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық комитеті коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым және Халықаралық паралимпиадалық комитеттің мүшесі саналады. ҰПК - қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстарға, соның ішінде Паралимпиадалық ойындарға қатысатындығы туралы мәлімдеуге құқығы бар Қазақстандағы жалғыз өкілі.

Қазақстандағы алғашқы паралимпиадалық орталық - бұл ұлттық құрамаларды сапалы және кәсіби даярлауға арналған бірегей ғимарат. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қажет барлық нәрсе бар: спортпен шұғылдануға арналған жабдықтар, арнайы спорт залдары, дәрігерлер, массажисттер, пандустар, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) сәлемдесу, тактильді жабын тақтайшалары, кіреберіс есіктерін автоматты түрде ашатын және жабатын батырма және басқалар. Орталықта күніне 780 адамға дейін спортпен тегін шұғылдануға мүмкіндік қарастырылған.





















































































Жоғары қарай