Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Санчес: Головкин рингте менің үйреткендерімді істеп жатыр

2019 жылдың 18 маусым 2019 22:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчестің пікірінше, боксшы бұдан кейінгі айқастарында да мексикалық бапкердің үйреткенінен асып түсе алмайды, деп хабарлайды Sports.kz порталы Boxeomundial.com-ға сілтеме жасап.

«Головкин рингте менің үйреткендерімді істей береді. Бұл Геннадий Головкин. Бұл жігіт біздің залдан шыққан өнім. Бәлкім, Бэнкс екеуіне уақыт қажет шығар. Бірақ бір-екі жекпе-жек емес, бұл процеске бірнеше жыл қажет. Бапкер өз стилін сіңдіруі үшін уақытқа зәру», - дейді Санчес.

Еске салайық, биылғы сәуір айында орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқан болатын. GGG осыған қатысты мәлімдемесінде сыпайылық сақтаған болса, А.Санчес БАҚ-қа сұхбатында өз ызасын жасыра алмады.

Басты сөздер: Геннадий Головкин, Бокс, Спорт,
Жоғары қарай