Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Санавиация ауыр халдегі сәбиді Қызылордадан Алматы қаласына жеткізді

2019 жылдың 7 тамыз 2019 18:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Санавиация өздігінен демала алмайтын туғанын бес күн болған ауыр халдегі сәбиді шұғыл түрде Қызылордадан Алматы қаласына жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1987 жылғы Қазақстан Республикасының азаматы өкпесіне жасанды желдеткіш аппараты қойылған бес күндік баласымен шұғыл тәртіпте ҚР санитариялық авиация желісі бойынша Қызылорда қаласынан Алматы қаласына жеткізілді.

«Сәби 27 шілдеде туа біткен жүрек кемістігімен ауыр жағдайда дүниеге келген. Босанғаннан кейінгі кезеңде жаңа туған нәрестеге жағдайын тұрақтандырғанға дейін қажетті медициналық көмек көрсетілді. Операция жүргізу үшін нәресте анасымен бірге Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына санитарлық авиацияның күшімен жеткізілді. Мұндай қажеттілік нәресте денсаулығының ауыр жағдайына және медициналық мекемеде операция жүргізу үшін жағдайлардың болмауына байланысты туындады», делінген хабарламада.

Жаңа туған нәрестелерді авиатасымалдау пациенттің жағдайын тез арада тұрақтандыруды қамтамасыз ету, бүкіл ұшу уақыты ішінде ағзаның өмірлік маңызды функцияларына мониторинг жүргізу және қажеттілік туындаған жағдайда кезек күттірмейтін іс-шараларды көрсету үшін маңызды. Бұл ретте әуе кемесінің бортында қажетті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің болуына ерекше назар аударылатынын ескеру қажет.

Айта кетерлігі, 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) медицина мамандары 1 285 ұшуды орындаған, 1 739 медициналық қызмет көрсеткен, 1 550 пациентке көмек көрсеткен.

ҰШМҮО көбінесе қанайналым жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға, жазатайым жағдайлар, уланулар және жарақаттар алу кезінде, жаңа туған нәрестелер мен жас балаларда жасындағы патологиялар кезінде, сондай-ақ кезек күттірмейтін акушерлік жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетеді. 2019 жылғы 6 айда патологиялық аурулары бар нәрестелер жалпы пациенттер санының 11,7% құрады.

Жоғары қарай