Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

Салық рақымшылығы: Қазақстандықтар 13 млрд теңгеге жуық салық берешегін өтеді

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 18:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар салық рақымшылығы аясында 13 млрд теңгеге жуық салық берешегін өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Салық рақымшылығы барысында бюджетке негізгі борышты төлеген жеке тұлғалардың 568 446 теңге өсімпұлы есептен шығарылды, олар жыл басынан бастап 12,843 млрд теңге төлегені үшін 2,343 млрд теңге өсімпұлы есептен шығарылды.

2019 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі бар және берешектің негізгі сомасын өтеу шартымен өсімпұлды есептен шығару бойынша акцияны пайдалану мүмкіндігі бар жеке тұлғалардың саны 1,4 млн адам болды. Олардың 13,9 млрд теңгесі негізгі борыш және 6,3 млрд теңгесі берешекті өсімі, барлығы 20,2 млрд теңге берешек.

2019 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша жыл басынан бастап 568 446 жеке тұлғаның 12,843 млрд теңге мөлшерінде негізгі борыш сомасы төленген және 2,343 млрд теңге сомасындағы өсімпұл есептен шығарылған.

Өңірлер тұрғысынан өсімпұлы ең көп Алматы қаласы – 97 430 жеке тұлға, Түркістан облысы – 66 731 және Шымкент қаласы – 46 917. Ең аз жеке тұлғалар Атырау облысында – 15 253 , Қызылорда облысында – 14 466, ШҚО-да – 13 102.

Өсімақының ең көп сомасы Алматы қаласы бойынша – 1015,9 млн теңге, Павлодар облысы бойынша – 179,9 млн теңге, Алматы облысы бойынша – 139,7 млн теңге есептен шығарылды.

Ең аз өсім сомасы Ақтөбе облысы бойынша – 41,3 млн теңге, Қостанай облысы – 38,7 млн теңге, ШҚО – 36,7 млн теңге есептелінді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл аяғына дейін салық бойынша берешекті төлеу қажет. Салық төлеушілер берешегі бар/жоғын мына сілтеме бойынша біле алады.

Жоғары қарай