Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Салық рақымшылығы: Азаматтар салық берешегі туралы қалай біле алады

2019 жылдың 12 шілде 2019 13:20 414

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде өткен  баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Байеділов азаматтар салық берешегін қалай біле алатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық осы жылғы шілде айының үшінші онкүндігінде басталатын болады. Ережеге сәйкес, әрбір аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында комиссия жасақталып, олар өсімпұлдарды есептен шығарумен айналысады. Біз бұл науқанды таяу арада бастап кетуге дайынбыз», - деді ол.

Осы орайда  вице-министр жеке тұлғалардың салықтық берешегінің бар екендігін қалай білуге болатындығын айтып берді.

«Жеке тұлғалар қарыздың барлық сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсынан не болмаса электронды үкімет порталынан біле алады. Бұған дейін азаматтарға қарызын білу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет болатын. Дегенмен, Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті электронды цифрлық қолтаңбасы жоқ азаматтарға арнайы жағдай жасап отыр. ЭЦҚ-сы жоқ азаматтарға Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында арнайы қызмет іске қосылған. Оның көмегімен онлайн режімде ЖСН-ді теру арқылы қарызды білуге болады», - деді Қанат Байеділов.

Вице-министр салықтық берешекті өтеу үшін арнайы өтінім толтырып, салық органдарына қандай да бір құжаттар алып барудың қажеті жоқ екендігін баса айтты.

«Ең басты шарт -  осы жылдың 1 қаңтарында жиналып қалған негізгі қарызды өтеу. Қалғанын біз соңына дейін жеткізіп, жабамыз», - деді вице-министр.

 

 

Жоғары қарай