Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Сәкен Қалқаманов бастаған Жолдауды насихаттау тобы кентаулықтармен кездесті

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 06:40

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттердің маңызын екшеп, халыққа кеңінен насихаттау үшін Түркістан облыстық ақпараттық-насихат тобы аудан, қалаларға жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бастаған насихаттық топ Кентау халқымен жүздесті. Алғашқы кездесу 1300 адамды жұмыспен қамтып отырған Кентау трансформатор зауытында өтті. Облыс әкімінің орынбасары өңірдегі білім саласын жетілдіру мен бала құқығын қорғау, сондай-ақ дарынды балаларды қолдау бойынша атқарылатын тың жұмыстарға тоқталды. Жиында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Көпжасар Жетпісбаев Жолдауда міндеттелген 5 бағытты айшықтап, жеке-жеке тоқталып өтті.

Келесі жүздесу Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында жалғасты.

Мемлекет басшысының халыққа алғашқы Жолдауын жүзеге асыру жөнінде Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов баяндама жасады. Шаһар басшысы қала мен ауылдардағы «Оқушылар үйінің» материалдық-техникалық базалары ескіргендіктен, толықтай жаңартылатынын атап өтті. Сондай-ақ бала құқығын қорғау комиссиясының құрамы жаңарып, комиссия жұмысы ашық әрі әділ болу үшін онда қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын қоғамдық ұйым өкілдері мен блогерлер тартылмақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жолдау мәтінін түсіндіруге бағытталған кездесулер аймақтағы барлық аудандар мен қалаларда өтуде.



Жоғары қарай