Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Сахалинде 600-ге жуық балықшы жағалаудан бөлініп кеткен мұз үстінде қалды

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 15:51

САХАЛИН ОБЛЫСЫ. ТАСС-ҚазАқпарат - 600-ге жуық балықшы Сахалин облысындағы Мордвинова шығанағында жағалаудан бөлініп кеткен мұз үстінде қалды. Бұл туралы сейсенбі күні ТЖМ аймақтық басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

«Бүгін, 16:40-та Сахалин облысы бойынша Ресей ТЖМ Дағдарыс жағдайлары жөніндегі Бас басқармасының жедел кезекшілік бөлімшесіне Мордвинова шығанағында жағалаудан екі километр жерде мұзда жарықшақ пайда болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Соның салдарынан 600 балықшы жағадан бөлініп қалды. Құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында ТЖМ қызметшілері жұмыс істеп жатыр, Ми-8 тікұшағы ұшуға дайын тұр
Басты сөздер: Оқиға, Ресей,
Жоғары қарай