Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Сағынтаев Жетісу ауданының әр тротуарына жарық жеткізуге тапсырма берді

2019 жылдың 4 шілде 2019 22:04

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгін Жетісу ауданын аралаған кезде көлік инфрақұрылымының объектілеріне ерекше назар аудардым. Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысын тексердім. Жолдың тығыздығы - алматылықтар үшін өткір мәселе. Жол желісін кеңейту және көлік өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу қажет",- деді Бақытжан Сағынтаев Фейсбуктегі парақшасында.

Қала басшысы аудан тұрғындарының өтініші бойынша аудан әкімі Тәжібаев Мұхтарға аумақты абаттандыру мәселесін шешуді, балалар алаңдарын салу мен скверлерді бөлуді тапсырды.

«Алматы қала жарық» коммуналды кәсіпорнында болдым, қала көшелерін жарықтандыру және оны болашақта дамыту шараларымен таныстым. Мұнда энергия жинақтаушы технологияны кеңінен қолданған маңызды. Орталықтан бастап мөлтек аудандарға дейін әрбір тротуарға, әрбір аулаға жарық берілуі тиіс. Жергілікті өндірушілердің «ақылды» жарық көздерін игеретін уақыттары жетті. Ұтымды шаралар қаржыны тиімді жұмсауға мүмкіндік береді әрі қаланың әр бұрышын толық жарықтандыруды қамтамасыз етеді",- деді Б.Сағынтаев.

Жоғары қарай