Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Сағынтаев Үкімет мүшелеріне атқарылған жұмыс үшін алғыс айтты

2019 жылдың 21 ақпан 2019 20:39

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезектен тыс отырысында Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің отставкаға кетуі туралы хабарлады. Бұл туралы primeminister.kz сайтында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Б. Сағынтаев Президент алға қойған міндеттерді іске асырудағы үйлесімді атқарылған жұмыс үшін Үкімет мүшелеріне алғыс айтып, барлығына табыс тіледі.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеме жасап, Үкіметтің отставкаға кету керектігін атап өткен болатын.

Кейін Елбасы ҚР Үкіметінің отставкасы жөніндегі Жарлыққа қол қойып, Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқаруды Асқар Маминге жүктеді.

Басты сөздер: ҚР Премьер-Министрі,
Жоғары қарай