Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Сағадат Рахманқұлов 42 рет жеңіске жеткен мексикалықты нокаутқа жіберді

2019 жылдың 11 тамыз 2019 02:16 139

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексиканың Тихуана қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Рахманқұловтың (5-1, 3 КО) қатысуымен жекпе-жек кеші өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Top Rank промоутерлік компаниясымен жұмыс істейтін боксшымыз кәсіпқой рингте 42 рет жеңіске жеткен мексикалықты нокаутқа түсірді. Оның қарсыласы – 43 жастағы тәжірибелі спортшы Косме Ривера (42-28-3, 29 КО). Жартылай орта салмақтағы сегіз раундтық айқас бесінші раундта Рахманқұловтың жеңісімен аяқталды. Ол бесінші раундта Ривереге бірнеше ауыр соққы жасады. Бұдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, С.Рахманқұлов профи-рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның төртеуін нокатупен аяқтаған. Ал Ривера үшін бұл - мансабындағы 29-ыншы жеңіліс.

Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай