Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Садриддин Ахмедов 33 рет жеңген нокаутшымен айқасады

2020 жылдың 14 ақпан 2020 13:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 наурыз күні Монреалда (Канада) бокс кеші өтеді, оған қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының мәліметі бойынша 22 жастағы жастар арасындағы WBC әлем чемпионы және бірінші орта салмақтағы WBC Asia белбеуі иегерінің қарсыласы 32 жастағы тәжірибелі боксшы мексикалық Мауро Альберто Лозано (33-10, 24 КО) болмақ.

Лозано былтыр 24 тамызда соңғы жекпе-жегін өткізіп, бұрынғы әлем чемпионы, британдық Лиам Смиттен (29-2-1, 16 КО) техникалық нокаутпен жеңілді. Сонымен қатар оның қарсыластарының қатарында Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 КО), Джермелл Чарло (33-1, 17 КО) және Патрик Тейшейра (31-1, 22 КО) бар. Бірақ латынамерикалық жоғарыда аты аталған боксшылардың бәрінен ұтылған.


Басты сөздер: Бокс,
Жоғары қарай