Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Руслан Дәленов Катар инвесторларын Қазақстанға шақырды

2020 жылдың 14 ақпан 2020 11:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» халықаралық қаржы орталығы инвесторға қажет болатын барлық құралдарды ұсынады. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясының 5-отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржылық қызметтер нарығын жандандыру үшін катарлық әріптестеріме «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіншіліктерін пайдалануға кеңес беремін. АХҚО инвесторға қажет болатын барлық құралдарды ұсынады. АХҚО заңнамасы ағылшын құқығына негізделген және біздің елімізге өте қауіпсіз инвестиция салу үшін барлық жағдайды жасайды», - деді министр.

Осы ретте Руслан Дәленов Катар инвесторларын Қазақстан экономикасына инвестиция салуға шақырды.

«Бүгінде біздің қатынастарымызды тереңдете түсу әлемдегі сауда, саяси және өзге де шиеленістерге орай дүниежүзілік экономика өсімінің баяулауына байланысты бұрын-соңды болмаған өзектілікке ие», - деді ол.

Отырысқа Катар Мемлекетінің Сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кувари бастаған катарлық делегация қатысты.

Жоғары қарай