Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Рудныйда көпқабатты үй өртеніп, 100-ден аса адам эвакуацияланды

2019 жылдың 12 сәуір 2019 23:40

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласында 9 қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін сағат 19:08-де болған. Өртке қарсы қызмет пультіне Рудный қаласы Ленин көшесі бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны т туралы хабарлама келіп түсті.

«Өрт төртінші қабаттағы тамбурдан шыққан. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен 152 адам эвакуацияланды және 20 адам құтқарылды, оның ішінде 9-ы - бала. Өрт сағат 19: 30-да оқшауланып, сағат 19: 36-да жойылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану. Өрт сөндіруге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамынан 35 адам және 5 өрт сөндіру техникасы тартылды.

Жоғары қарай