Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Роман Скляр: Республикалық жолдар өзін-өзі ақтайтын тәртіпте жұмыс істейді

2019 жылдың 20 маусым 2019 12:58 1392

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті  палаталарының бірлескен отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Қазақстандағы ақылы жолдар бойынша түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақылы жолдарға тоқталса, 2019 жылдың қаңтарында біз республикалық желінің үш учаскесінде ақылы тәртіп енгіздік. Осы орайда «Алматы-Қорғас», «Нұр-Сұлтан-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» жолдары қамтылды. Олардың жалпы ұзақтығы 471 шақырымды құрады, яғни бұдан бұрын ақылы негізде жұмыс істеп тұрған «Нұр-Сұлтан-Щучинск» жолымен бірге 700 шақырымға жуықтады. Бұл өз кезегінде республикалық желінің 3 пайызын (ақылы жолдар) құрап отыр», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылы төлем алудың ашық жүйесі 5,5 мың шақырым учаскеде енгізіледі, сондай-ақ 2021 жылы тағы да 5,5 мың шақырым қамтылады.

«Осы арқылы біз белгіленген көрсеткіштерді орындаймыз. Бұл тұрғыда республикалық желі өзін-өзі ақтайтын тәртіпте жұмыс істейді», - деді Р. Скляр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанның ақылы жолдарында сараланған тариф енгізілмек.

 

 

 

 

 

 

Жоғары қарай