Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 359.00
EUR 420.10
RUB 5.41
CNY 52.38

Риддерде қаруланған 3 жігіт жергілікті компанияны тонап кетті

2018 жылдың 17 сәуір 2018 17:57 1349

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жергілікті компаниялардың бірін қарумен тонамақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 8 сәуірде болған. Түнгі сағат 00.40 шамасында бетперде киген 3 адам жергілікті ЖШС ғимаратына басып кірген. Сол сәтте тонау туралы дабыл қалалық ішкі істер бөліміне күзет агенттігінен түсіпті.

«Хабар түскен бойда Риддер қалалық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы жұмысқа кірісті. Көп өтпей күдіктілер қолға түсті», - делінген облыстық ішкі  істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Полиция қызметкерлері 36, 34 және 32 жастағы 3 күдіктіні уақытша қамауға алған. Оның екеуі бұрын да сотты болғаны анықталды.

Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-тармағы бойынша соталды тергеу басталды.


Фото: static1.squarespace.com

 

 

Жоғары қарай