Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 344.58
EUR 400.51
RUB 5.47
CNY 51.30

Риддер: Құтқарушылар Үлбі өзенінен әйелдің денесін іздеп жатыр

2018 жылдың 19 маусым 2018 11:41 474

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Риддерде құтқарушылар Үлбі өзеніне ағып кетті деген болжаммен әйелді іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, 50 жастағы әйел беймәлім жағдайда ағып кеткен. Іздеу жұмыстарына Өскемен қаласындағы Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы тартылды.

Сондай-ақ, Зырян ауданында 8-ші Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы Малеевск кентінде Бұқтырма өзеніне ағып кеткен 36 жастағы ер адамның денесін тапты. Ер адам жексенбі күні белгіленбеген жерде суға түскен. Көптеген суға шомылушылар осы себепті және алкогольдік ішімдік ішуіне байланысты суға ағып кетеді. Суға ағып кеткендердің 80% белгіленбеген орында мас күйінде суға түскен.

ШҚО-да шомылу маусымы басталғалы 6 адам суға батып кеткен. ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтарды абай болуға және белгісіз жерде шомылмауға шақыруда. 

 

 

Жоғары қарай