Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Республикалық бюджеттің көлеміндегі әлеуметтік шығыстардың үлесі артты

2019 жылдың 21 мамыр 2019 11:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2017 жылмен салыстырғанда өткен жылы бюджет тапшылығы 2 есеге азайды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатында Үкіметтің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылғы республикалық бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары аграрлық секторды, шағын және орта бизнесті дамытуға, индустрияландыруға, экономиканы цифрландыруға, көлік инфрақұрылымы мен әлеуметтік саланы дамытуға бағытталды. Республикалық бюжеттің көлеміндегі әлеуметтік шығыстардың үлесі 44 пайыз болып қалыптасты (2017 жылы 34 пайыз)», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылғы республикалық бюджеттің негізгі көрсеткіштері толығымен орындалды. Кірістер (трансферттерді қоспағанда) 102,3 пайызға асыра орындалды. 2017 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 116,7 пайызды құрады.

«Шығыстар өте жоғары деңгейде игерілді. Үнемдеу мен бөлінбеген Үкімет резервінің сомасын қоса есептегенде, таза игеру 99,99 пайызды қамтыды. 2017 жылға қарағанда бюджет тапшылығы 2 есеге азайды. Кірістерді асыра орындау және шығыстар бойынша үнемдеу есебінен 151 млрд теңге кассалық қалдықтар қалыптастырылды», - деді Әлихан Смайылов.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Бюджет, Сенат,
Жоғары қарай