Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Республикалық бюджет шығындарының 45% әлеуметтік салаға бағытталады - Елбасы

2019 жылдың 27 ақпан 2019 11:21

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық бюджет шығындарының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінде мәлімдеді.

«Биыл республикалық бюджет шығындарының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталады. Әлеуметтік бөлімде бірқатар түйткілді мәселелердің бар екені анықталды. Осыған байланысты, азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту үшін Ұлттық қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдадым. Үкімет бұл шығындарды дұрыс әкімшіліктендіруі керек», - деді Президент.

Айта кетейік, Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтіп жатыр.

Съезд «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Онда бірнеше мәселені қарастыру көзделген.

Ең алдымен «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы мәселе қозғалады. Одан кейін партияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар қарастырылып, партия Саяси кеңесінің жəне Орталық бақылау-тексеру комиссиясының есепті кезең бойынша жұмысының қорытындылары шығарылады. Сонымен қатар партия Саяси кеңесінің жəне Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланатын болады.

Съезд жұмысына 2 мыңға жуық адам қатысуда. Олардың 1200-і - еліміздің барлық өңірлерінен келген делегаттар, ал қалған 800-ге жуығы - қонақтар.

Жоғары қарай