Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Ресейден қазақстандық бала анасына қайтарылды - ҚР СІМ

2019 жылдың 26 тамыз 2019 18:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық әйелдің баласы Калининград қаласындағы әкесінен қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық брифингте мәлімдеді.

«Өткен жылы ҚР азаматы Дана Әмеева өз ұлын РФ Калининград қаласындағы әкесінен қайтара алмап еді. Осы демалыс күндері біздің дипломаттардың көмегімен ата-аналар келісімге келді. Қазір бала анасының қасында Алматыда. Олар кеше ұшып келді. Біздің Санкт-Петербургтегі консулымыз Калининград қаласына жеке өзі алып барды және баланың анасына тапсырылуын қадағалады», - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, өткен жылы қазақстандық әйел Дана Әмеева баласын қайтару бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған еді. Кезінде ол Ресей азаматына тұрмысқа шығып, Калининград қаласына көшкен. Отбасылық себептермен екі жылдан кейін ажырасқан және Калининград қаласының соты баланы анасымен қалдыру туралы шешім шығарған. Алайда, баланың әкесі сот шешімін орындамай, Беларусь пен өзге де Еуропа қалалары арқылы сәбиді алып кеткен.


Перевод Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Салық саясаты, Ресей,
Жоғары қарай