Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Ресейде жалақысы сақталатын «жұмыссыз күндер» режимі 30 сәуірге дейін ұзарды

2020 жылдың 2 сәуір 2020 21:05

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин COVID-19 вирусымен тиімді күресу үшін бұрын енгізілген «жұмыссыз күндер» режимін ұзартатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Ел бойынша жарияланған жұмыссыз апта, сонымен қатар көптеген облыстардың тұрғындары үшін ұсынылған оқшаулану режімі бізге эпидемияға барынша қарсы тұру үшін алдын алу шараларына барлық билік органдарын жұмылдыруға және денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарын көбейтуге мүмкіндік берді», - деді В.Путин Ресей халқына телеүндеуінде.

Сондай-ақ Ресей көшбасшысы әлемде, соның ішінде Ресейде індеттің өршуі әлі де тоқтамағанын атап өтті.

«Осыған байланысты 30 сәуірді қоса алғанда, айдың соңына дейін жалақысы сақталатын жұмыссыз күндер режімін ұзарту туралы шешім қабылдадым», - деп мәлімдеді В.Путин.



Автор: Медет Ахметов


Басты сөздер: Әлем, Ресей, Коронавирус,
Жоғары қарай