Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 361.66
EUR 409.51
RUB 5.41
CNY 52.36

Ресейде терроризмді насихаттағаны үшін Қазақстан азаматы ұсталды

2018 жылдың 20 шілде 2018 15:10 366

ОМСК. ҚазАқпарат - Ресей Федерация Томск облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының қызметкерлері интернетте өңір тұрғындары арасында терроризм идеясын насихаттаған 22 жастағы Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ТАССагенттігі хабарлады.

«Қазіргі таңда күдікті ұсталды. РФ Томск облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының тергеу бөлімі РФ ҚК-нің 205.2-бабы 2-бөлігі («Террористік әрекетті жүзеге асыруға жариялы түрде шақыру, терроризмді жариялы түрде ақтау немесе терроризмді насихаттау) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

ФҚК-да нақтылағандай, күдікті Томскте жүріп, резонанс тудырған лаңкестік актілерге оң баға беретін материалдарды таратқан. Сондай-ақ оны жасаған террористердің әрекетін көпшілік арасында ақтаған. 

 

 

Басты сөздер: Ресей, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай