Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Ресейде Өзбекстанның 10 азаматы тірідей өртеніп кетті

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 11:25

ТОМСК. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Томск облысында өрттен Өзбекстанның 10 азаматы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, Причулымский ауылындағы бір қабатты ағаш үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама мәскеу уақытымен 00:10-да түскен. Бірінші бөлімше оқиға орнына жеткенде үй толықтай өртке оранған. Жалын 208 шаршы метр аумақты шарпыды. Әуелде бес адамның денесі табылған. Кейінірек, РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі, мерт болғандар саны 10-ға жеткенін мәлімдеді.

Шұғыл қызмет өкілдері тағы екі адамның зардап шеккенін айтты. Үш адам өз беттерімен шығып үлгерген. «Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер Өзбекстан азаматтары», - делінген ақпаратта.

Дереккөз мәліметінше, ағаш үйде ағаш дайындаумен айналысатын «Гринвуд» Жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығының 12 жұмысшысы тұрып жатқан. Зардап шеккен екі азаматқа емханалық көмек көрсетілді.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем, Ресей,
Жоғары қарай