Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Ресейде бөгет бұзылып, 12 адам опат болды

2019 жылдың 19 қазан 2019 10:42

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Красноярск өлкесінде бөгет бұзылуынан кемінде 12 адам қаза тапты. Тағы 13 адам табылмай жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті уақытпен түнгі сағат екілер шамасында Красноярск өлкесіндегі Курагин ауданының Щетинкино елді мекенінде Сейба өзенінде алтын өндіруші артель салған бөгет бұзылып кеткен, тасыған су жұмысшылардың уақытша салған екі жатағын шайып кеткен.

«12 адам қаза тапты», - деп мәлімдеген елдің Төтенше жағдайлар министрлігі.

19 адам зардап шеккен, 13 адамның жағдайы анықталып жатыр.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Жоғары қарай