Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Ресей арқылы өтетін мәдени құндылықтар тасымалын реттеу мүмкін болмай тұр – прокуратура

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 13:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәдени құндылықтарды заңсыз шығарғандарға қатысты жеке бап қарастырылмақ. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты.

«Заң жобасына ҚР аумағынан мәдени құндылықтарды заңсыз шығарғаны үшін жауапкершілік жүктеледі. Ресей мен Қазақстан шекарасындағы кедендік бақылауды оңтайландыру нәтижесінде туындаған қиындықтардың кесірінен екі арадағы мәдени құндылықтардың заңсыз тасымалының нақты ауқымын анықтау мүмкін болмай отыр. Ресейлік әріптестеріміз біз ұсынып отырған бапты өздерінде енгізіп қойған. Енді біз де қабылдап, бірлесіп әрекет етуіміз керек» - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Жоғары қарай