Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 439.01
EUR 474.61
RUB 5.75
CNY 61.91

QAZAQ AIR компаниясы Bek Air жолаушыларын тасымалдауға дайын

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 21:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Bek Air ұшағына билет алған жолаушылар QAZAQ AIR әуе компаниясының билеттерін тиімді бағамен ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«QAZAQ AIR әуе компаниясы бүгінгі Алматы маңындағы ұшақ апаты салдарынан рейсі тоқтатылған жолаушыларды қабылдауға дайын. 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Bek Air билеті бар жолаушылар QAZAQ AIR рейстеріндегі бос орындарды қарастыра алады. Мұндағы билеттер құнын Bek Air билетінің құнынан асырмаймыз», - деп хабарлады әуе компаниясы.

Билет сатып алу үшін flyqazaq.com брондау қызметін қолдануға болады.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

ҚР ДСМ ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ресурстар жеткілікті екенін, қан тапсырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Жоғары қарай