Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Промоутер Головкиннің бұрынғы бапкерінен неге кеткенін айтты

2019 жылдың 19 маусым 2019 08:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер спортшының неге бұрынғы бапкерімен жұмыс істеуден бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Соңғы 9 жыл бойы Геннадий Головкин Абель Санчеспен жұмыс істеді. Бүгінде оны Джонатан Бэнкс жаттықтырып жүр. Оның қоластында GGG бірінші жеңісіне қол жеткізіп үлгерді: 9 маусым күні қазақстандық боксшы канадалық Стив Роллсты төртінші раундта жер жастандырған болатын.

«Геннадийдің Абельмен қалай жемісті жұмыс істегенін бәрі біледі. Бірақ біз осында тұрып алып, ол бәрін өзгертуі керек еді деп айта алмаймыз. Міне, сол үшін Санчес онымен жұмыс істемейді. Соңғы уақыт Абельдің Головкинмен ең үстем кезеңі болды. Ал Джонатан келе салып, аз уақытта үлкен жетістікке қол жетті, бұл - олардың бірге жасаған аз ғана жұмысының жемісі, осының өзі көп нәрседен хабар беріп тұр», - деді Том Леффлер.

Жоғары қарай