Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Прокурорлық тексеріс: Ақмола облысында әкім қызметінен кетті

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 17:07

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бұланды аудандық прокуратурасының тексеріс қорытындысы бойынша Макинск қаласының әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, аудандық прокуратура қылмыстық іске талдау жүргізген. Белгілі болғандай, 2018 жылы аудан орталығы әкімінің арызы бойынша көше жарық шамдарын ұрлауға қатысты полиция ҚР ҚК 188-бабы бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. Алайда, тергеу шаралары әкімнің жарық шамдарының әкімдік балансында тұрмағаны туралы жазбаша анықтамасы негізінде тоқтатылды. Осыған орай, прокуратура тарапынан жүргізілген тексеріс кезінде жоғалған жарық шамдары мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшартқа сатып алынғаны және Макинск қаласы әкімдігінің балансында тұрғаны анықталды.

«Аудан прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы заңсыз қаулының күшін жойып, қызметтік жалған анықтама берген әкімге қатысты материалдарды жемқорлыққа қатысты қызметке жолдады. Бұланды ауданы әкімінің 2019 жылғы қыркүйектің 13-дегі қаулысымен Макинск қаласының әкімі қызметінен кетті. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшіге қатысты тергеу шаралары тоқтатылды», дейді ведомстводан.

Жоғары қарай