Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

«Президенттік жастар кадр резерві» жобасы Сингапурда таныстырылды

2019 жылдың 25 қазан 2019 19:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері Сингапурде оқу курсынан өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы Астаналық хабтың қолдауымен Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжінде өткен «8th Temasek Foundation International Governance & Public Administration Programme» оқыту курсына қатысты.

Сингапурдың экономикасы 2019 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне сәйкес әлемдегі ең бәсекеге қабілетті деп танылғандықтан, бұл елдің мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметінің тәжірибесін зерделеу Агенттік үшін ерекше қызығушылық тудырады.

Азия – Тынық мұхит аймағының 9 елдерінің, соның ішінде Қытай және Үндістанның қатысуымен өткен бағдарлама барысында қазақстандық «Президеттік жастар кадр резерві» жобасы таныстырылды. Қатысушыларды Президеттік жастар кадр резервін құру, іріктеу үрдістері мен олардың ашықтығы, Қазақстанның талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту бойынша тәжірибесі қызықтырды.

Сапар аясында Агенттік өкілдері Сингапурдың мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамыту міндетін атқаратын Сингапур Премьер - Министрі Кеңсесінің жоғары лауазымды тұлғасы Лим Пуай-Се ханыммен екіжақты кездесу өткізді.

Лим Пуай-Се ханым Президенттік жастар кадр резервін қалыптастырудың өзектілігін атап өтіп, таланттар пулын құру бойынша Сингапурдың тәжірибесімен бөлісті.

Лим Пуай-Се ханымның айтуынша, Президенттік жастар кадр резервін құру барысында резервистердің бастамалары мен жобаларын, мемлекеттік басқарудағы жаңа тәсілдерін мемлекеттің дамуы игілігіне енгізе отырып, олардың әлеуетін кеңінен қолдану қажет.

Естеріңізге сала кетейік, «Президенттік жастар кадр резервін» құрудың мақсаты жастар үшін тиімді әрі ашық әлеуметтік лифт құру болып табылады.







Жоғары қарай