Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Президенттік саябақтан өрт шықты

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 17:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы президенттік саябақ аумағында өрт шықты. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне сағат 16:59-да Президенттік саябақ аумағындағы қоймадан өрт шыққандығы туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшесі 40 тоннаны контейнермен оған жапсарлас салынған қойманың өртеніп жатқанын анықтаған.

«Қабылданған шаралардың арқасында 60 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 17:48-де сөрдірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге елорданың ТЖД жеке құрамының 15 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды», - деп атап өтеді комитеттен.


Жоғары қарай