Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Президенттік кадр резервіне енген екі жас Алматыда аудан әкімдері болды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 19:19

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Алатау және Түрксіб аудандарының әкімдері болып Азамат Қалдыбеков және Бақытжан Ақжаров тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандардың жаңа әкімдерін таныстырған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев олардың Президенттік жастар кадры резервінің өкілдері екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт құру жөніндегі идеясы іске асуда. Алматыдан резервтер қатарына 39 адам енді. Бүгінгі кандидаттар – аудандар әкімдері болып қызмет атқаруға барынша дайындықтан өткендер. Біз олардан аталған аудандарда тұратын алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуда нәтижелі жұмыстарды күтеміз», — деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Алатау ауданының жаңа әкімі Азамат Қалдыбеков бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.

Түрксіб ауданына әкім болып тағайындалған Бақытжан Ақжаров Алматының тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Алатау және Түрксіб аудандарының бұрынғы әкімдері Ш. Рыспаев пен П. Кулагин өз еріктерімен өтініш берулеріне сәйкес қызметтерінен босатылды.








Жоғары қарай