Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Президент «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауды ұсынды

2019 жылдың 21 мамыр 2019 17:55 555

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей жастарының халықаралық форумына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев ерікті жастарға арнап сыйлық тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдегі волонтерлер қозғалысының болашағы туралы айта келіп, ерікті жастарды қолдау шараларын көбейтуді ұсынды.

«Бүгін сіздерге, жас ұрпаққа бірнеше ұсыныс жасамақпын. Солардың бірі - волонтерлер қозғалысын дамыту. Біріншіден, ерікті жастарды кешенді түрде қолдау шараларын бекіту қажет. «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауды ұсынамын. Бұл сыйақы екі елдің үздік волонтерлік жобаларына тапсырылады. Осы арқылы олардың белсенділігін арттыруға жағдай жасаймыз», - деді  Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.

Сонымен бірге, ҚР Президенті волонтерлер кеңесін құруды ұсынды. Айтуынша, бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қосады.

Форумды қорытындылаған Мемлекет басшысы жастарды ел басқару саласына жақындатудың маңызына тоқталды.

«Жас ұрпақтың еңбекқор, креативті, алдына мақсат қоя білетін қасиеттерін жоғары бағалаймын. Қазақстанның болашағы үшін алаңдамауға болады. Жастар ел басқару саласында айрықша рөл атқаруы тиіс. Сондықтан, біз, аға буын, оларды мемлекет басқару тетіктеріне осы бастан үйретуге міндеттіміз. Ал, жастар, сіздер де осыған лайықты болыңыздар!» - деді Қ.Тоқаев.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайға жұмыс сапары барысында халықаралық жастар форумына қатысты.

 

 

 

Жоғары қарай