Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Президент жанармайдың нарықтық бағасын 165 теңгеге дейін төмендетуді жүктеді

2020 жылдың 31 наурыз 2020 21:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жанармай нарықтық бағасын 15 пайызға арзандатуды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа республикалық телеарналар арқылы жасаған мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда бюджеттен 70 млрд теңге бөлінеді. Көктемгі егіс науқаны үшін қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы арқылы қосымша 100 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Ең алдымен шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсеткен жөн. Сонымен қатар Үкіметке жанармай нарықтық бағасын 15 пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді. Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады», - деді Президент.


Жоғары қарай