Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Президент: Ұлттық табысты әділ бөлу - кез келген мемлекеттің басты міндеті

2019 жылдың 4 шілде 2019 17:14 810

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өткен ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-пленарлық отырысын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түйіндеп, келесі отырыстың тақырыбын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумды түйіндеген Қасым-Жомарт Тоқаев инвесторлдар үшін әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі элементін атады.

«Білікті маман - кез келген компанияның басты байлығы. Сондықтан, компанияның табысын арттыру үшін қызметкерлерге төленетін ақылға қонымды сыйақы өсімін қамтамасыз ету керек. Бұл - әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі элементі. Бұл отандық кәсіпорындарға да, шетелдік қатысы бар компанияларға да қатысты. Ұлттық табыстың әділ бөлінуі - кез келген мемлекеттің ең басты міндеті», - деді Президент.

Мемлекет басшысы бүгінгі форумның жемісті жұмыс істегенін айта келіп, шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті басқосуында шикізаттық емес экспорт мәселесін талқылауды ұсынды.

«Қазір Үкімет білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын жасап жатыр. Бағдарлама жобасын қоғамның талқысынан өткізіп, жұмыс берушілермен де, инвесторлармен де талқылау керек. Бүгінгі диалог адам капиталын дамытудың өзекті мәселелеріне қатысты болжамдарымызды айқындап берді. Кеңестің келесі пленарлық отырысын «Шикізаттық емес экпортты дамыту» деген тақырыпта өткізуді ұсынамын. Бұл - өте өзекті», - деді ол.

Кеңес мүшелері ҚР Президентінің бұл ұсынысын бірауыздан қолдады. Айта кетейік, форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік экономика өсіміне қатысты болжам нашарлап бара жатқанын айтқан болатын. 

 

Жоғары қарай