Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Президент Ұлттық банкке елдің ақша-несие саясатын әзірлеуді жүктеді

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 13:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның құнды қағаздарының халықаралық индекстерге қосылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық банк орталық банктің классикалық қызметтерін орындауға назар аударуы тиіс. Бұл: баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, тиімді, ашық ақша саясатын жүргізу. Осыған байланысты осы жылдың 1 шілдесіне дейін орташа қысқа кезеңге ақша-несие саясатын әзірлеу қажет. Мақсат - салыстырмалы түрде төмен инфляция мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету арасындағы ымыраға қол жеткізу»,- деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті елдің қаржы секторын, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметін дамыту қажеттігіне назар аудартты.

«Өткен жылы Үкімет пен Ұлттық банк сындарлы өзара іс-қимылды күшейтті. Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Осы процестердің аясында Қазақстанның құнды қағаздарының халықаралық индекстерге қосылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл - жаңа нарықтар ашып, қарыздарға қызмет көрсету құнын төмендетуге септігін тигізеді. Нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай