Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Президент тапсырмасы: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті шәкіртақыны көбейтті

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 16:10

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті шәкіртақыны көбейтуді алғашқылардың бірі болып бастады.

Жоғары оқу орны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың университет пен колледж студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға өсіру туралы тапсырмасын орындауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде университет студенттері мен магистранттарының, сондай-ақ доктарантурада оқитын жастардың стипендиясы өсті. Бүгінде ОҚМУ-де оқитын 28 мың жастың 17 мыңы осы жеңілдікке ие болды.




«Былтырғы шәкіртақым 20 100 теңге болатын, қаңтар айында 26180 теңге алдым. Бұл біздің оқуға деген құлшынымызды арттырып, белсенділігімізді күшейтеді. Біз бұған қуаныштымыз»,- дейді «Ақпараттық технологиялар және энергетика» факультетінің 3 курс студенті Ахмади Отыншиев.

Университеттің «Жастар орталығына» жиналған тәлімгерлерді ректор Дария Қожамжарова құттықтап, алдағы жоспарларымен бөлісті.




«Оқу орнының қаржылық-экономикалық әлеуетін үнемдей отырып, студенттер мен магистрант, доктаранттардың шәкіртақысын 25 пайызға көбейттік. Бүгінгі таңда студенттердің бірқатары бұл қаржыға қол жеткізіп те үлгерді. Қазіргі таңда университетіміз ең басты мәселені білім сапасына және диплом алған соң жұмыспен қамтылу жағына аса мән беріп отыр. Сондықтан теориямен қатар өндіріске ерекше ден қойылған. Жуырда ашылған өндіріс базасынан студенттеріміз көп нәрсені үйренеді деген ойдамыз. Студенттердің әлеуметік жағдайына мән бергенде ғана сапалы білім болатынын түсінеміз» -деді Дария Пернешқызы.





Жоғары қарай