Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Президент тапсырмасы: Даниал Ахметов әлеуметтік желілерде тіркелді

2019 жылдың 8 сәуір 2019 23:07

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, аймақ басшысының Facebook, Twitter және Instagram желілерінде жеке аккаунттары пайда болды.

«Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың барлығына өз ықыласымды білдіремін. Коммуникацияның бұл түрі әр қазақстандықтың өміріне берік кіріп, ой алмасып, пікір білдірудің тиімді құралына айналды. Сондықтан Фейсбук, Инстаграмм және Твиттерде жеке парақшамды ашуды жөн деп таптым. Жаңа сұxбат алаңдары сіздермен өңірдің өзекті мәселелерін талқылап, олардың жедел шешілуіне мол мүмкіндік береді деген ойдамын», - деді Даниал Ахметов әлеуметтік желілердегі алғашқы жазбасында.

Сондай-ақ ШҚО әкімі жаңа сұхбат алаңдары өңірдің өзекті мәселелерін талқылауға, олардың жедел шешілуіне мүмкіндік береді деген сенімін білдірді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, халықпен Facebook және Instagram арқылы байланысты облыс орталығы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар да орнатты. Сондай-ақ аймақтағы тағы бір үлкен шаһардың басшысы - Семей әкімі Ермак Сәлімовті Facebook-тен табуға болады.

Еске салайық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 наурыз күні ел өңірлерінің әкімдерімен өткен кеңесте халықпен ықпалдастық форматын өзгерту үшін оларға әлеуметтік желілерде тіркелуді тапсырған болатын.

Президент әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу: мессенджерлерде топтар құрудың, жүргізіліп отырған саясатты жете түсіндірудің, жағдайды басқара білудің маңыздылығын айтқан еді.

Мемлекет басшысының ескертуінен соң өңірлер басшылары әлеуметтік желілерде жаппай аккаунттарын аша бастады.

Фото: www.altaynews.kz

Жоғары қарай