Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Президент Шымкент әкіміне тұрғындардың өмір сапасын арттыруды жүктеді

2019 жылдың 2 тамыз 2019 15:19 229

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауызсумен қамту бойынша жоспарымен танысты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Еске салайық, Е.Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып 30 шілде күні тағайындалған болатын. Мегаполисті бұған дейін басқарып келген Ғабидолла Әбдірахымов Президент Жарлығымен қызметінен босатылды.

Жоғары қарай