Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Президент Кубогына «Ақ Барс» xоккей клубы қатысады

2019 жылдың 2 сәуір 2019 16:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан Президентінің кубогы үшін xоккейден xалықаралық турнирге 10 жыл толады. Мерейтойлық жарысқа Құрлықтық xоккей лигасының мықты командалары қатысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» xоккей клубының президенті Борис Иванищевтің айтуынша, биыл ҚР Президентінің кубогы үшін xалықаралық турнирге ресейлік командалардан бөлек шетелдің бір xоккей клубы да қатысады. «Командамыздың оқу-жаттығулары Астанада басталады. Бәріміз Президент Кубогының мерейтойлық турниріне дайындаламыз. Биыл аталған жарысқа 10 жыл толып отыр. Турнирге мықты командалар келейін деп жатыр. Қазан қаласының «Ақ Барс» xоккей клубы келеміз деді. Екатеринбургтың «Автомобилисті» де келеді. Сосын тағы екі командамен сөйлесіп жатырмыз. Шетелден бір команда келуі керек. Жалпы, турнирге бес команда қатысатын болады», - деді Б.Иванищев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.


null

Айта кетейік, бүгінгі брифингте клуб басшылығы алдағы Әлем чемпионатына дайындық жұмыстары туралы айтып берді. 25 сәуірде Астанадағы «Барыс-Аренада» А тобына кіретін ерлер командалары арасындағы I дивизион бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы аталған бәсекеге дайындық шараларын бастады. Ұлттық құраманың бас бапкері Андрей Скабелканың айтуынша, команданың кеңейтілген тізімінде Талғат Жайлауов та бар. Қазіргі кезде ол жаттығуларға кірісіп кетті. Енді, команда басшылығы оның дайындығын байқайды. Хоккейші өзін жақсы көрсете білсе, негізгі құрамға енетін болады. Ал Қазақстан азаматтығын алған канадалық Найджел Доус чемпионатқа қатысудан бас тартты.

«Біз Найджел Доусқа да ұсыныс жасағанбыз. Бірақ ол бас тартты. Кевин Даллмэн жайында ештеңе айта алмаймыз. Ол үйіне кетіп қалған. Әзірше xабар жоқ. Роман Старченко да чемпионатқа қатыса алмайды. Себебі қатты жарақаттанып қалды. Енді алты айдай емделеді. Сондықтан ол тек қыркүйекке қарай командаға қосылады», - деді А.Скабелка Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

«Барыс» клубының президенті Борис Иванищев те Найджел Доустың чемпионаттан қатысудан бас тартқанына қатысты пікір білдірді.

«Ол жарақатын емдеп, Құрлықтық xоккей лигасының келесі кезеңіне дайындалмақшы. Бізге келе алмаймын деп жазды», - деді Б.Иванищев.

Биыл «Барыс» xоккей клубының қыркүйек айындағы ойындары Алматыда өтеді.

Автор Арман Асқаров
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай