Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Президент кубогы: Футболдан Қазақстан жасөспірімдері Қырғызстанды ойсырата жеңді

2019 жылдың 24 тамыз 2019 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін жасөспірімдер арасында халықаралық турнирдің алғашқы туры өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық турнирде барлығы 6 құрама бақ сынайды. Құрамалар екі топқа бөлінген. А тобында Литва, Қырғызстан және еліміздің 17 жасқа дейінгі құрамалары шеберлік байқасады. Ал В тобында Армения, Тәжікстан және еліміздің 16 жасқа дейінгі құрамалары жасыл алаңға шығады.

Бүгін екі топта да бір-бір ойыннан өткізілді. Турнир В тобындағы Армения мен 16 жасқа дейінгі Қазақстан өрендері арасындағы кездесумен ашылды. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Одан кейін А тобындағы 17 жасқа дейінгі Қазақстан және Қырғызстан құрамалары арасындағы ойын басталды. Бұл кездесуде біздің өрендер қарсыластар қақпасына жауапсыз сегіз гол соқты.

Енді 25 тамызда екінші тур ойындары өтеді. Онда А тобында Қырғызстан мен Литва, В тобында Тәжікстан мен Армения кездеседі. Ал 26 тамызда еліміздің 16 жасқа дейінгі құрамасы Тәжікстанмен жасыл алаңға шықса, еліміздің 17 жасқа дейінгі құрамасы Литвамен шеберлік байқасады.

Турнир 28 тамызда мәресіне жетеді. Бұл күні финал, 3-4 және 5-6 орындар сарапқа салынады.

Халықаралық турнир 2008 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Еліміздің 17 жасқа дейінгі құрамасы екі мәрте чемпион атанды.


Перевод Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай