Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Президент кубогы – 2019: «Барыс» үшінші ойында да жеңіске жетті

2019 жылдың 10 тамыз 2019 20:03 124

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогына арналған турнирдің төртінші жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының «Барыс» клубы Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен кездесті. Матч барысында бірінші шайбаны елордалық хоккейшілер соқты. Оны 23-минутта Дмитрий Шевченко өзінің еншісіне жазды. Ал 19-минутта «Барыс» қатарына биыл қосылған фин хоккейшісі Ииро Пакаринен есепті үстемелей түсті. Келесі шайба екінші кезеңнің 39-минутында соғылды. Бұл сәтте елордалық хоккейші Никита Михайлис мергендік танытты. Осылайша, «Барыс» жігіттері 3:0 есебімен алға шықты.

Кездесу барысында соғылған келесі екі шайба «Автомобилист» командасының еншісіне жазылды. Алдымен 41-минутта Андрей Обидин, 57-минутта Степан Хрипунов біздің қақпаны дәл көздеді.

Нәтижесінде, бүгінгі кездесуде «Барыс» қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» аталмыш турнирдегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұдан бұрын Ресейдің «Ак Барсынан» 6:1, «Нефтехимигінен» 4:1 есебімен басым түскен еді.

Бүгін аталмыш турнирде Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасы «Нефтехимикті» 2:1 есебімен жеңді.

ҚР Президенті кубогына арналған турнир 11 тамызда мәресіне жетеді. Бұл күні Нұр-Сұлтан уақытымен 13.00-де «Автомобилист» (Екатеринбург) және «Ак Барс» (Қазан) командалары кездессе, 17.00-де «Барыс» «Салават Юлаевпен» мұз айдынына шығады.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай