Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Президент қойған міндеттерді шешіп, нәтижеге жұмыс істеу керек- Жапсарбай Қуанышев

2019 жылдың 20 маусым 2019 16:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент қойған міндеттерді шеше отырып, нәтижеге жұмыс істеу керек. Мұндай пікірді ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері Жапсарбай Қуанышев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 бағыттың жетеуі әлеуметтік мәселені шешуге арналған. Өз басым осы бағыттарды әлеуметтік блок, рухани блок деп бөле отырып, оныншысын - біздің болашақ деп айтар едім. Талдап отырсақ, мұнда ешқайсысы таңсық емес. Бәрі де талқыланып жатқан тақырып - Елбасы бастаған бағыт-бағдар. Алайда біз өз дамуымыздағы жаңа кезеңге аяқ басып келеміз. Биліктің ауысуынан емес, уақыттың талабы осы қадамға баруға мәжбүрлеп отыр. Тәуелсіздік кезеңінде өсіп жетілген бүтіндей бір буын осынау процестердің белсенді қатысушылары екені даусыз. Жастар қазір басқаша ойлайды», - деді Жапсарбай Қуанышев Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен елордада өткен «Президент Тоқаевтың 10 міндеті: ел дамуының жаңа деңгейі» атты дөңгелек үстелде.

Сарапшының пайымына сүйенсек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «шындықты іздеушілер» деп атаған жастарға мемлекет айқын жауабын беруі керек.

«Бұл ретте Президент қойған міндеттерді шеше отырып, нәтижеге жұмыс істеу керек. Еліміздегі әрбір азамат ары қарай не істеу керектігін білуі тиіс. Нәтижеге жеткізетін механизмдерді іске қосқан абзал», - дейді ол.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзін ұлықтау рәсімінде елді дамытудың негізгі 10 бағытына баса мән беру қажеттілігін айтқан болатын.

Жоғары қарай