Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Президент Қордайда жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

2019 жылдың 20 сәуір 2019 15:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

« Қордай тас жолында болған ірі жол апатынан 11 адам көз жұмды. А расында Өзбекстан азаматтары да бар. Марқұмдардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өзбекстан Республикасының Президентіне жеделxат жібердім. Біздің жолдарымыздың аxуалы үлкен алаңдаушылық туғызып отыр, ІІМ-де өткен кеңесте осы мәселені айттым. Үкіметке шұғыл түрде шаралар қабылдауды тапсырдым », - деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін «Алматы-Ташкент» автожолының бойында ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты. Тағы 5 адам ота үстелінде, ал 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Жоғары қарай