Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Президент Қанат Бозымбаевқа энергетиканы жандандыру жөнінде тапсырма берді

2019 жылдың 14 тамыз 2019 17:35 142

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша министрліктің жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президентіне жанармай нарығының тұрақты жағдайы, мұнай-газ секторының дамуы, мұнай өңдеу зауыттарының ахуалы және энергетика саласына тартылатын инвестициялардың оң қарқыны туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы энергетика саласының дамуына оң баға беріп, аталған бағыттағы жұмысты жандандыра беру жөнінде тапсырма берді.

Қанат Бозымбаев Қашағанда кенішінде тәулігіне 380 мың баррель мұнай алына бастағанын Мемлекет басшысына мәлім етті. Оның айтуынша, мұнай өнімдерін өңдеу саласында да оң динамика бар. Яғни өңдеу көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,1 пайызға өскен. Осының нәтижесінде жыл басынан бері нарықтағы бөлшек саудада баға төмендеген. Әсіресе бензиннің АИ-92 маркасы 6 пайызға арзандаған.

Кездесу барысында министр мұнай химия саласына да тоқталып, бірқатар жүйелі жұмыстарды баяндады. Бұл жайында толығырақ мына материалдан оқып білуге болады.

Жоғары қарай