Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Президент Атырау облыстық ПД бастығының әрекетін тексеруді тапсырды

2019 жылдың 15 мамыр 2019 13:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ІІМ Е.Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады», - деп жазады Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында.

Еске салсақ, Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаевқа қатысты әлеуметтік желіде жарияланған видеоматериал бойынша Ішкі істер министрлігі оқиға орнына өкіл аттандырып қызметтік тексерісті қолға алған болатын.

Жоғары қарай